Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолданыстағы Топ-8 сөздің шығу тегі

Ғалымдардың айтуынша, адам бір күнде 10,000 сөз қолданады екен. Бірақ көбіміз қолданып жүрген сөзіміздің астарына үңіле бермейміз. Ендеше, сіздің назарыңызға күнделікті қолданып жүрген бірнеше сөздің шығу тегін ұсынамыз.  

1.    Құс атауы «қарлығаш» сөзі қара, ала, құс сөздерінің бірігуі арқылы пайда болған. Яғни, қара ала+құс=қарлығаш.

2.    Ал «қарандаш» сөзі қара және тас сөздерінің қосындысынан жасалған.

3.    «Белбеу» сөзі белдің бауы деген тіркестен шыққан.

4.    Ал «қолғап» сөзі қолдың қабы деген тіркестен пайда болған.

5.    Әшекей бұйым «білезік»білек және жүзік сөздерінен пайда болған. 

6.    Емдік қасиеті мол «ашудас» – ащы және тас сөздерінің бірігуінің нәтижесінде пайда болған. 

7.    Туыстық атау «ағайын» сөзі, кейбір ғалымдардың айтуынша, аға және іні сөздерінің кірігуінен пайда болған.

8.    Ал сан атаулары «сексен» сегіз және он сөздері, «тоқсан» тоғыз және он сөздерінің бірігуінен жасалған. 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр