Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қол көтергенді шыдауға болмайды": Отандық маман отбасында бақытты болу сырымен бөлісті

Отандық психотерапевт, натуропат-дәрігер Гүлнәзия Арон Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне сұхбат беріп, отбасындағы кикілжіңдерді қалай шешуге болады, өмірге не үшін келдік, жүрек қалауын қайтіп естиміз деген тереңмағыналы сауалдарға жауап берді. 

Адамдар әртүрлі мәселелермен келеді. Түрлі ұлт өкілдері, әрине, өзім қазақ болғасін, өзіміздің менталитетке тән проблемаларды жақсы білемін, түсінемін. Барлық алған білімім мен тәжірибемді біріктіріп, біздің менталитетпен жанастыра алдым. Келіндер мәселесі - барлығы маған жақсы таныс. Көзге шөп салу, орта жас дағдарысы, өзін-өзі қабылдай алмауы, әсіресе, әйелдерге қатысты, олар жиі түр-әлпетін өзгертеді, тіпті пластикалық хирургтың көмегіне жүгінеді, бірақ сонда да өздеріне көңілдері толмайды. Қиялдарында бір идеал әйелдің бейнесі бар, соны қуып жете алмайды. Бірақ проблема – өз басында.

Өзін-өзі қабылдай алмайтын әйел дұрыс қарым-қатынас құра алмайды. Күйеуімен де, ата-анасымен де дұрыс қатынаста емес. Олар тәуелді қарым-қатынас қана құра алады, өйткені бала кезінде эмоционалды зақымдалған, отбасы бола тұра, сезім, эмоция, жылулық деген болмаған, қабылданбаған. Ата-анасы суық, бағаламаған балалар есейген кезде басқа қарым-қатынас құра алмайды, тек қолайсыз жағдайларға түсіп отырады. Психологияда біз салқын, эмоционалдық тұрғыда «өшіп қалған» аналарды «өлі ана» деп атаймыз. Ол біздің өмірімізде болса да, бірақ біз оларды айыптай алмаймыз, себебі тарихи көп үлкен қиындықтардан өттік, аштық, геноцид, соғыс, барлығы әсер етті. Қазір мәселен, әйел босана сала сәбиін ішіне жатқызады, ал совет үкіметінде бөлек бөлмеге алып кететін. Бала ата-анасының қалауы бойынша анасының жатырына бітті ме, жүктілік қалай өтті, анасының көңіл-күйі, босануы қалай өтті, осының барлығы адамның тағдырына әсер етеді.

Бірдеңе жетпей қалса немесе тым артық болып кетсе де жаман. Мәселен, баяғыда диктантта екі қате жіберсең, төрт қойып, қызыл пастамен көрсетіп қоятын. Ал қалған дұрыс жазылған 99% елеусіз қалады. Бәлкім осы дұрыс жазылған бөлігіне көңіл бөлгенде біз сенімдірек болып өсер ме едік? Сөйтіп үнемі идеалдың соңынан қуып, жақсы әйел, маман, ана боламыз деп өзімізді-өзіміз жоғалтып аламыз. Жалпы барлығы ата-анамен бала кездегі қарым-қатынасқа байланысты. 

Барлық адамдар белгілі бір стандарттарға сәйкес келгісі келеді, ол үшін құрбандыққа баруға да дайын, ағзасын да, психикасын да аямайды. Өзіміздің тәнімізді, түр-әлпетімізді қабылдай алмаймыз. Инстаграм, маркетингтік амалдар өз «идеалдарын» тықпалап, соларға сәйкес болуға итермелейді. Өзіміздің ішкі «арқауымыз» болмаған жағдайда біз көрінген нәрсеге иілгіш болып кетеміз. 

Иерархия заңы бойынша ер адам әйелден жоғары тұрады, бірақ бұл әйел адамды кемсіту деген сөз емес. Тіпті қасиетті кітаптарды оқысақ та, әйелді кемсіту керек деген нәрсе жоқ, ал бізде  ер азаматтарымыз күштілігін пайдаланып, күш көрсете бастайды. Отбасы деген екі адамның біріккен жұмысы, сондықтан бірдеңе дұрыс болмай жатса, екеуі де жауапты. Тек біржақты жауапкершілік болмайды. Әйел адам ерді лидер ретінде қабылдамағанда да баланс бұзылады. Жалпы, біздің халықта «Қызға қырық үйден тию», «Ер адамның бетіне тіке қарама, алдын кеспе», «Етегіңді жауап отыр» деген даналық көп. Көне заманда барлығы болған, бірақ Еуропада орта замандарда, бізде Кеңес үкіметі кезінде баланс бұзылды. Бұл әйелдердің эмансипациясы деп аталады. Ал ерлер керісінше әйелтиптеске айналуда. Соның салдарынан отбасының шырқы кетіп, гармония бұзылып жатыр, әйел мен еркектер билікке таласуда.

Отбасы деген –үлкен мектеп, жұбайлар бір-біріне өмір сабақтарын үйрететін ұстаз болып келеді. Эрик Берн деген атақты ғалым бүкіл жер бетінде бақытты отбасылардың үлесі 3 пайыздан аспайтынын айтқан, оның тек 1 пайызы ғана отбасы бақытын түсіне біледі екен. Тіпті сені ұратын, тіл тигізетін жұбай жолықса да, саған өмір сабақтарын үйрету үшін кезіккен. «Сыйлық-адамдар» болады. Балаларды «сыйлық» деп есептеймін, бірақ кейде «сыйлық» болмауы да мүмкін. 

Көбісі психологтарда проблема болмайды деп ойлайды. Бірақ психологтар да кәдімгі адамдар,  оларда да агрессия, ашу, ыза сияқты эмоциялар болады. Бірақ проблемаларға деген көзқарасың түбегейлі өзгереді екен. Өмірің басқа деңгейге шығады. Адамның өмірлік жолы – «соқтықпалы соқпақсыз жол», «оры мен жарына толы», ауыртпалықтарына толы, бірақ оны өту керек. Қазір өмірдегі түрлі арбаулар көбейіп жатыр, бірақ өз-өзіңмен қарым-қатынасты түзете алмасаң, өзіңнің принциптерің болмаса - қиын.

Өмірдің мәні – қателеспеуде емес, қателесіп, қатеңнен сабақ ала білуде. Өмірдің жақсылығы мен қиындығы қатар жүреді, тек барлығы жақсы болады деп ойлау- қателесу. Өткен өміріңді тәжірибе ретінде қабылдай білу – өнер, өйткені сол жол сені бүгінгі күніңе әкелді. 

Бәрі идеал ана болғысы келеді. Бұл туралы ұмытыңыздар! Сіз де жұмыстан шаршап, ашуланып, ренжи аласыз. Ең бастысы, «эмоционалды жылы» болу керек. Қазір әлеуметтік желілер идеалдарға, «әдемі картинкаларға» толы, ол «мен нашар анамын» деген комплекс тудыруы мүмкін. Себебі «идеалдарға» сәйкес келмейтін адам өз-өзін кінәлап, өмірін қиындатып тастауы мүмкін. Әр адам бірегей.

Қол көтергенді, сөз тигізгенді шыдауға болмайды. Көзге шөп салуды шыдау-шыдамау – ол сіздің қалауыңыз. Бірақ кез-келген – эмоционалды, психологиялық, экономикалық, зорлық-қомбылық – қысым түрлеріне көз жұмуға болмайды. 

Біздің қыздар тұрмысқа көз жұмып шыға салады, бірақ алдын ала отбасылық бюджет, отбасындағы міндеттерді талқылап алған жөн. Отбасында тек қаржыны сұрай беретін «балаға» айналмаған дұрыс. Бірақ ақшаны қысым құралына айналдыруға болмайды. Отбасы деген одақ, жұбайлар – одақтастар, сондықтан отбасында одақтас ретінде іс-әрекет етіп, түрлі жолдарды іздеу керек. Отбасын екі жақты да қанағаттандыратын, заңдары бар құрылымға теңеуге болады. 

Біздің қазақтардың басты проблемасы – әулеттің үлкендері өздерінің "құқыларын" шамадан тыс пайдаланып, келінді «бұрышқа» тығып, ер азаматты тым көтеріп жібереді. Ер адамнан ештеңеге қауһары жоқ, қолынан түк келмейтін, тек дайынды тұтына алатын «мүсәпір» жасап қояды. Ата-енемен тұру деген сияқты тұстарды да алдын-ала талқылау керек. Бірақ біздің өңірдің қыздарына ата-енемен тұру дәстүрі анасының сүтімен сіңірілгесін, бірге өмір сүру «норма» болып есептеледі. Қайын жұртпен туындаған мәселелерді де ерің арқылы шешу керек.

Отбасындағы алкоголизм. Алкоглизм емделеді, бірақ оған шалдыққан адамның өз ниеті мен құлқы болса.  Әйелі, басқа біреу жетектеп алып келмеуі керек. Өзі келуі тиіс, емдік шараларды нарколог маманмен бірлесе отырып жүргіземіз. 

 Өмірдегі ең басты нәрсе - өз жүрегіңді тыңдай білу, бірақ сыртқы шудан кейде жүрек үнін «аршып алу» қиынға түседі. Ақыл мен жүрек бірге жүргенде ғана дұрыс шешімдер туындайды. Адам туыла салып «жүрегін тыңдау» қасиетіне ие, бірақ артынан ортамыз ол қасиетті шаншып тастайды. Сондықтан жүрегіңізді қайта тыңдап үйрену керек. Қазір нені қалаймын? Қазір не ішкім келіп тұр? Мынау киім ұнап тұр ма, ұнамай ма деген сауалдарды қою керек. Бұл қасиет бірден келмейді.

Өмірдің мағынасы – осы сәтте «болу». Бұл өмірге келгесін, сіздің жаныңыздың миссиясы бар. Біздің миымыздың жартысы - аналитикалық, жартысы эмоционалды болып бөлінеді. Адамдардың көбі аналитикалық бөлігіне ғана сүйеніп өмір сүреді. Біз түсіндіре алмайтын көп нәрселер бар, оны Құдайдың құдіретімен байланыстырамыз. Жеке мен үшін өмірдің мәні – осы мезетте «болу»,  барлығына шүкір деу, осы сәттен рахат алу, мысалы, қазір сізбен әңгімелесіп отырмын, содан рахат алып отырмын.  Біз әдемі ыдыс-аяғымды бір ерекше оқиғалар үшін «сақтап қоямыз», оның не қажеті бар? Қазір пайдаланыңыз. Қазіргі заманның технологиялары да өмірімізді күрделендіруде, өзімізді-өзіміз тануда кедергі етуде. 

 

Дайындаған: Жанар Жансейіт

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жолдағы дәретханаларды сынады

Президент туризмнің артта қалуына әсер ететін нақты факторлар барын айтты

Тоқаев: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр

Президент тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды

Қазақстанда биыл спорт саласына қанша қаражат бөлінді? Министрлік жауап берді

Биыл жоғары жетістіктер спортына 23 804, 2 млн теңге бөлінді

"Шамадан тыс көп жаттығулар оның денсаулығына әсер етуі мүмкін": АҚШ журналисі Геннадий Головкин жайлы сөз қозғады

АҚШ журналисі боксшының жасы жайлы өз ойын білдірді

Ресей колледжіндегі атыс: Көз жұмған студент үйленгелі жүрген

Жас жігіт атыс салдарынан дәрігерлер жеткенше көз жұмды

Сабақтан шығарып жібергені үшін: Ресейде колледж студенті қатарластарына оқ жаудырды (видео)

Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақаттанды

Асылған ет жеп, виски ішіп отыр: Қостанай түрмесіндегі шенеуніктің жағдайы видеоға түсіп қалды

Түрмеге барлық жасап қойыпты

"Ауылдағылар 30 мың алады": Қазақстандағы имамдардың жалақысы қанша

Дін қызметкерлеріне жалақы 4 категория бойынша тағайындалады

Перуашев: Табысын жасырған миллионерлерді бәрібір таппайсыздар

Мәжілісмендердің айтуынша, одан да көңілді парақорларға бөлген жөн екен

Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

Апаттан жұбайы мен кішкентай үш баласы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр