Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетау маңында көлікті мас күйінде айдаған мұғалім оқушысын қағып кетті

Красный-Яр ауылында колледж мұғалімі  жаяу жүргінші жеткіншекті қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған бала қазір ауруханаға жатқызылған. Оқытушының осыған дейін де жол ережесін бұзғаны анықталды.

«Mazda автокөлігі жол бойында кетіп бара жатып, Нұрлыкөш ауылына апаратын жолға бұрылған. Артынша жүргізуші бір бағытта қозғалған жаяу жүргіншіні қағып кеткен», - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гульнара Пинчук.

Колледж  студенті қазіргі таңда  Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Жүргізуші -  Красный-Яр қаласындағы колледж мұғалімі. Ол мас болған. Тексеру жұмыстары жасалып, сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде», - дейді Пинчук.

Мұғалімнің осыған дейін де жол ережелерін бұзғаны анықталды.  2018 жылы айыпталушы екі мәрте жол ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылған.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр