Көкшетауда полиция қызметкері азаматты өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдікке ілінді
Көкшетауда полиция қызметкері азаматты өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдікке ілінді. Ақпаратты Ақмола облыстық полиция бөлімі растаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.

"Т" есімді азаматқа қатысты ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Қазір біз барлық фактілерді, екі жақтың дәлелдерін тексеріп жатырмыз", - деп мәлімдеген Ақмола облыстық полиция бөлімі.
Дереккөз ақпаратына сүйінсек, құқық қорғау органы бөлімшелерінің бірінің аға инспекторы азаматты бөлімге алып кеткен. Жолда ол оны балағаттап, арандата бастаған, қысымның салдарынан ол өз-өзіне қол жұмсауға сәл қалған.
- "Пышақ жарақаты мен зорлық белгілері бар": Ақтөбе облысында жұмысқа кеткеннен оралмаған 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды
- Павлодар облысында полицей өзіне қол салды
Осы уақытта әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты полиция қызметкерінің видеосы тарап кетті. Көкшетау қалалық ІІБ осыған байланысты жазба авторының кәмелетке толмағанын, түнгі сағат 02:00-де көлік жүргізіп келе жатқанда ұсталғанын мәлімдеді. Видеоға қатысы бар капитан Назира Тұрсымбаеваға қатысты полиция "анасы мен қызын полиция бөліміне хаттама толтыру үшін апаруы керек" деп нақтылады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік