Көкшетауда мектепті белгісіз дерт жайлап, 80 бала ауырып қалды

Көкшетауда бір күнде 80 бала ауырып мұрттай ұшты. Қала орталығындағы №2 мектепте бүгін 260 оқушы сабаққа келмей қалды. Кешеден бері аяғынан тік тұрған дәрігерлер үй-үйді аралап, мектептегі балаларды да бастан-аяқ тексеруге кіріскен. Олардың барлығы жүрегі айнып әлсірепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

мектеп
Кеше болған сырқат белгілері оқушыларда бүгін де байқалған. Ұстаздар ата-аналарын шақырып дәрігердің қарауына жіберіп жатыр. Бұл – қала орталығындағы 2200-ге жуық оқушысы бар ең үлкен мектеп. Бір сәтте 80 оқушы ауырып қалғанда мектеп басшылығы дабыл қаға бастаған. Санитар мамандар мектеп асханасынан қажетті сынамалар алыпты.

"Бүгін 260 оқушы мектепке келмей қалды. Көбін атааналары қауіптеніп жібермей қалған. Солай деп мектепке хабарласты. Бұл жағдайдың неден болғанын айта алмаймыз. Асханада улануы мүмкін емес. Барлық балалар тамақ ішіп жүр ғой. Қажетті тексеру жұмысын ұйымдастырып жатырмыз", - дейді мектеп директоры Гүлнар Әбдіқасымова.

Оқушылармен бірге екі мұғалім де науқастанып қалған. Іші ауырып, құсып, басы айналып мектепке келе алмағандарды дәрігерлер қарап жатыр. Сабақ үстінде де балалардың денсаулығын тексеруде.

Білім ошағын дүрліктірген дерттің себеп салдарын санитар мамандар анықтап жатыр. Асханадағы тағамнан сынамалар алып, балалар анализ тапсыруға жіберілген. Сондықтан дәл қазір диагнозды дөп басып айту қиын дейді мамандар. Вирустық инфекция ма, әлде улану ма, ол енді сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...