Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қызды зорлау және өлтіруге қатысты іс жабылды

Көкшетауда 13 жасар оқушыны өлтіру және зорлау ісі жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің өкілдері мен күдіктінің анасы адвокатпен бірге қылмыстық іс материалдарымен танысты. 

Полицияның хабарлауынша, олар алдын ала тергеу кезінде алынған дәлелдемелер туралы дауласқан жоқ және қабылданған процессуалдық шешіммен келіскен. Істің тоқтатылуына себеп - күдіктінің өлімі.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында 10-нан астам сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. 100-ден астам адамнан жауап алынды. Жәбірленуші мен күдіктінің жүріп өткен бағыты бойынша бақылау камераларындағы бейнежазбалар зерттеліп, олардың ұялы телефондары тексерілді. Тергеу-жедел іс-шаралары барысында күдікті анықталып, оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті деректер алынды. Алайда күдікті көз жұмды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Талқылау