Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаланың маңызды мәселелерін көтеріп жүрген қоғам белсендісі ұсталды

Көкшетауда қаланың маңызды мәселелерін көтеріп жүрген қоғамдық кеңес мүшесі ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Kokshetau Asia сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Малик Ахметкалиев

Полицияның мәліметінше, 21 маусымда қоғамдық кеңес мүшесі Мәлік Ахметқалиевтен “тінту кезінде ақ түсті синтетикалық зат табылған”.

“21 маусымда Көкшетау қаласының ӨҚ ОПН қызметкерлері Көкшетау қаласы Орталық шағын ауданындағы №45 үйдің ауласында 15.03.1983 жылы туған Ахметқалиев Малик Сабырғалиұлын тоқтатты. Рұқсат етілмеген жеке тінту кезінде күртешенің сол жақ қалтасынан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен, болжам бойынша синтетикалық зат табылып, тәркіленді”, – делінген ақпаратта.



“Есірткі заттарын заңсыз сақтау” (296-бап, 4-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 
Көкшетаудың кейбір тұрғындары Мәлік Ахметқалиевті қаланың маңызды мәселелерін көтеріп жүрген белсенді ретінде сипаттайды. 

“Қала тұрғындары Мәлік Сабырғалиұлын қалалық қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі ретінде таниды, жылдар бойы өткір де өзекті мәселелерді қайта-қайта көтеріп, депутаттар мен кеңестің бұрынғы құрамымен үнемі тайталасып жүретін”, – деп жазады басылым.

Басылым "сараптама есірткіге мас болу фактісін және қанда синтетикалық есірткінің барын жоққа шығаратынын" анықтады.

Ақберен Амангелді
Жұма, 23 Маусым, 2023 09:14