Көкшетауда 22 жастағы жігітті некелескен күні өлтірді деп күдікке ілінгендер ұсталды
Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 22 жастағы жігітті әлдекімдер некелесу күні өлтіріп кетті деген ақпарат тарады. Аталған іске қатысы бар деген күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінен пікір сұрап білді.
“Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ жанжалдың басқа да қатысушылары анықталды. Адам өлтіру фактісі бойынша бір адам, бұзақылық бойынша алты адам ұсталып, қамауға алынды. 6 адамға қатысты бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ тергеу барысы басшылықтың бақылауында екені хабарланды.
Айта кетейік, бұған дейін Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 22 жастағы жігітті әлдекімдер өлтіріп кеткені туралы ақпарат тараған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген