Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыстың ортасында қалған Қарағанды тұрғындары облыс әкімі Жеңіс Қасымбектен көмек сұрады

Қоқыстың ортасында қалған Қарағанды тұрғындары облыс әкімі Жеңіс Қасымбектен көмек сұрайды. Тұрмыстық қалдықтың қасында тұрып, видеоүндеу жолдаған жазбаларын тұрғындар әлеуметтік желілерге жүктеп жатыр. Тіпті жұмысбасты әкімнің уақыты болса, азаматтар облыс басшысын тұрмыстық қалдықтар үйілген аумаққа өздері алып баруға дайын. Осылайша облыс әкімі жауапты мамандарға тиісті тапсырма берсе деп өтінеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шашылған қоқыстың ортасындар тұрып жатқан тұрғындар кейде далаға шыға да алмай қалатындарын айтты. Жаз бойы жиналған иттердің өлекселерінен шығатын иістен ауада демалу мүмкін емес екен. 

"Бұл қоқысты әлі ешкім тазалаған жоқ. Осы қоқысты тазалау керек", - деді тұрғын Асхат Камалұлы.

"Әкімдікке талай рет бардық, ешнәрсе істеген жоқ. Құр уәде береді", - деді Әмина Жакупова.

Әкімдік өкілінің айтуынша, қоқыстың жиналып қалуына тұрғындар кінәлі, олар уақытында қоқыс тазартушыларды шақырмаған екен. Дегенмен, шенеунік тұрмыстық қалдықтарды келесі аптада шығарылатынын айтып, уәде берді.

"Күнгейдің шетінде жатқан қоқыс шығарылады. Осы апта, ендігі аптаның басына дейін бітіреміз. Ал болса, егер  көп болса ендігі аптаның ортасына дейін шығып бітеді", - деді Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Камалиев.

Шенеуніктердің сөзінше қалада жалғыз қоқыс полигоны бар. Заң бойынша, жұрт қалдықтарын сол жерге төгу керек екен. Егер оны орындаса әкімшілікке кодекс бойынша 50 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. 

Талқылау