Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көбейтұздағы тұздың емдік шипасы бар деп сатқан адамдар анықталды" - ҚР ішкі істер вице-министрі

Ақмола облысында орналасқан ерекше қызғылт түске боялған Көбейтұз көлінің тұзын сатқандар анықталды. Бұл туралы ҚР ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл ретте біз әлеуметтік желі бойынша жұмыс істейміз. Дәрі-дәрмекке қатысты да көптеген заңсыз фактілер әлеуметтік желіде табылған. Біздің есепте жалғыз Көбейтұз тұрған жоқ. Осындай қызмет көрсетілетін түрлі чаттар мен топтар бойынша жұмыс істейміз. Көбейтұз бойынша да тұзды емдік шипасы бар деп сатқан адамдар анықталды", - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Калайчиди алаяқтардан тұз сатып алғандар жазаланбайтынын айтты.

"Тұзды сатып алғандарды еш жауапқа тарта алмаймыз. Ал сатқан адамдарға Әкімшілік кодексте тиісті баптар қарастырылған. Тіпті бір емес, бірнеше бап бойынша да жазаланатын болады", - деді Калайчиди.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр