Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Атышулы іс бойынша алғашқы үкім шықты

Қызылордада сексуалды құлдыққа ұшыраған оқушы қызға қатысты бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс жабық есік жағдайында қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Сот үкімімен Т "бопсалау" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ақырында, сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған.

Соттың мәліметінше, сотта қылмыстық процестің тек бір эпизодына қатысты іс қаралған.

Ресми мәлімет бойынша, сотталушы Т кәмелетке толмаған жәбірленушіні ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 700 мың теңге талап еткен. Сондай-ақ сөмкесіндегі 35 мың теңге ақшасын алып кеткен.


"1000-нан астам клиент болған": Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қызға қатысты жаңа деректер пайда болды


Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, сотталушының кінәсі психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен, оқиға болған жерді қараумен, беттестіру хаттамаларымен және жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденген.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха аталмыш іс бойынша 13 күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Сексуалды құлдықта болған 16 жастағы қыз сараптама кезінде қысым көргенін айтып шағымданған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 11 Қараша, 2024 20:14