Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі өңірдегі қыздарды зорлау фактісін жасырып отыр деп айыпталды

қызФото: shutterstock.com

Журналист Мадина Жатқанбаева Қызылорда облысының әкімдігі мен жергілікті мемлекеттік органдарды балаларға қатысты ауыр қылмыстарды жасырды деп айыптады. Айтуынша, ведомствалар әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың беделіне нұқсан келтіруден қорқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жатқанбаеваның айтуынша, шамамен бір апта бұрын Қызылорда қаласында өгей әкесі 16 жастағы қызын зорлаған. Ол қаладағы № 253 мектептің 10-сынып оқушысы болған. Сондай-ақ Шиелі ауданында 5 жасар Мариям есімді қыз зорланған. Қазір зардап шеккен екі қыз да Қызылорда облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Балалардың жағдайына қатысты Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтангазиев пікір білдірді.

"Қазір екі қыз да облыстық балалар ауруханасында. Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған ақпаратты мен бере алмаймын, себебі бұл медициналық құпия", – деді ол.


 

Сонымен қатар Сұлтангазиевтің айтуынша, полиция бұл оқиғалар бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында әйелінің 9 жасар жиеніне азғындық жасаған ер адам өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік.

Рая Мінәп
Сәрсенбі, 19 Қараша, 2025 17:08