Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды

Полиция қызметкерлері қызды ұрып-соғып, видеоға түсіргендерді анықтады.

Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды

Видеодан кадр

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлайды.

Оқиға 17 сәуірде Тасбөгет кентінде орын алған. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбады. 

"Әлеуметтік желілерде таратылған бұзақылық фактісі бойынша тексеру барысында полиция қызметкерлері өз замандастарын ұрып-соғып, бейнеге түсіргендерді анықтады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы (бұзақылық) бойынша алдын ала тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр