Қызылорда облысында әйел егіз сәбилерін сатып жіберген
Қызыорда облысында өзінің егіз сәбиін сатты деген күдікпен 44 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған егіз сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтаған.
“ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды”, – делінген полиция хабарламасында.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген