Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызға таласқан: 15 жастағы жасөспірім қаза тапқан оқиғаның себебі анықталды

Ақтөбеде төбелесте пышақталып, артынша ауруханаға маңында көз жұмған 15 жастағы Мадияр Исмағұлов бүгін жерленді. Полиция оқиғаға қатысы бар күдіктіні қамауға алыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жасөспірімнің жақындары оның дүкенге кетіп, қайта үйіне оралмағандығын айтып отыр. Кейіннен бозбаланың ата-анасы дәрігерлерден ұлдарының алған жарақаттың кесірінен тіл қатпай кеткендігін естіген. 

«"Мені сыныпта бірге оқитын бала ренжітті, маған балағатты сөздер айтты" деп қыз жігітіне шағымданыпты. Қыздың жігіті болса, жігіттерді жинап, қызын ренжітушімен төбелес шығарған», - деді Ақтөбе облыстық ПД басшысы Атығай Арыстанов.

Жаға жыртыс қызға таластан туындапты. Сыныптасының қылығына, оның айтқан жаман сөздеріне ренжіген қыз, өзінің араласып жүрген жігітіне айтып берген. Қыздың жігіті бір топ баланы жинап, ренжіткен баланы әңгімелесуге шақырған. Алайда олардың текетіресі, оқушылардың жаппай төбелесіне айналыпты. Төбелес кезінде 15 жастағы Мадияр Исмағұлов пышақталған, ал оның айналасында жиналған ұлдар, тіпті, жедел жәрдем де шақыртпаған. Сол жерде болған жоғары сынып оқушылардың бірі өз әкесінің көлігін айдап әкетіп, қансыраған баланы аурухананың ауласына тастап кеткен. Жасөспірім көп қан жоғалтып, тасталған жерде мерт болды. Жаға жыртыс кезінде тағы екі оқушы жараланыпты.

Дәрігерлердің айтуынша, егер медициналық көмек дер кезінде көрсетілгенде, Мадиярдың өмірін сақтап қалуға болатын еді. 

Күдікті 17 жасар бозбала көрінеді. Төбелеске қатысқан басқа да оқушылардың үстіне де іс қозғалыпты. Бірақ олардың қанша екенін полиция тіс жарып айтпады. 

Бұған дейін оқиға 10 қарашада Заречный-3 аулында орын алғаны айтылған еді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда анасы мен ұлы жәндіктерді өлтіреміз деп өздері уланып қалды

Оқиғаның себебі белгілі болды

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды
Çàãðóçêà...