Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздар мектебіндегі жанжал: Үндістанда 68 студентті етеккір белгісіне тексерген

Үндістанның батысында орналасқан Гуджарат қаласындағы колледждердің бірінде студенттерді сабақтан алып шығып, олардың еттекірлерінің жоқтығын дәлелдеу үшін іш киімдерін көрсетуге мәжбүрлеген. Колледж директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндістандағы мектеп

Дүйсенбі күні наразылықтар мен баспасөзде резонанс тудырғаннан кейін колледж директорын, жатақхана меңгерушісі мен колледждің басқа қызметкерін жұмыстан шеттету туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін де колледж қызметкерлеріне шағым түсірген. Олар бопсалау, ар-намысқа нұқсан келтіру баптарын бұзды деп айыпталуда.

Айтуынша, тексерілген қыздардың бірі шағым колледж басшылығына шағым түсірген. 

Тыйым салынған төсемелер

Өткен бейсенбіде колледждегі 68 қызды сабақтан алып шығып, дәретханаға жіберген, онда әрқайсысы колледждің үш қызметкері мен мектеп директорының қарауында іш киімдерін шешуге мәжбүр болған.

Оқиға Бхуж қаласында орын алған; қыздар бай және консервативті үнділер діни бірлестігі болып саналатын Свинаминараян сектасы құрған Шри Сахаджананд (SSGI) және Әйелдер Колледжінің орта мектебінде оқиды.

Студенттердің бірінің әкесі колледжге келгенде қызы мен оның құрбылары сыртқа шығып, жылап жіберген. «Олар қатты күйзелген», - деді ол.

Тексеруден өткен оқушылар жатақханада тұрады. Олардың көпшілігі колледжге алыс өңірлерден білім алуға келген. 

Қыздардың айтуынша, студенттерді тексеру туралы шешім жатақхана меңгерушісі директорға қыздардың бірі етеккір кезіндегі колледждің ережелерін бұзып, әйелдердің ғибадатханасы мен ас үйіне кірген, сонымен қатар басқа студенттерге қол тигізген. 

Етеккірі келген қыздар асханада басқа студенттерден оқшау отырулары керек екен. Ережеге сәйкес олар өздерінен кейін ыдыс жуып, сабақ кезінде соңғы қатарға отыруға тиіс.

Студенттердің бірі жатақханада қыздардың етеккірі басталған кезде жазылатын арнайы журналы бар екендігін айтты. Соңғы екі айда бірде бір студент өз атын тізімге енгізбеген. Жатақхана коменданты мен колледждің қызметкерлері студенттерге етеккір туралы сұрақтарды жиі қойып, қыздарды ыңғайсыз жағдайда қалдырады екен.

Қыздар журналистерге бәрі жатақхана маңынан табылған төсемеден басталғанын айтты. Оны тауып алған жатақхана меңгерушісі колледж директорына етеккірі келген бар студенттердің ас үйге кіріп, ғибадатханаға барып, басқа қыздармен еркін сөйлесетінін жеткізген.

Дін және етеккір

Студенттердің ісі үндістандық баспасөзде қайта қозғалып, Индуизмдегі етеккір туралы тыйымға назар аударды, сол себепті Үндістанда миллиондаған әйелдер зардап шегуде.

Бейсенбіде бір топ мектеп оқушылары колледжде оларды қорлаған қызметкерлерді жазалауды талап етіп наразылық акциясын өткізді, ал демалыс күндері әйелдер құқығы жөніндегі ұлттық комиссияның делегациясы жатақханаға барды.

Комиссия бұл оқиғаны тергеуге шақырып, колледж қызметкерлерінің әрекетін «ұятсыз іс» деп атады. Ол студенттерден «наразылықтары туралы қорқынышсыз сөйлесуді» сұрады.

Алайда бәрі оларды қолдамады. Даршан Долакия университеттің проректоры бәріне студенттерді кінәлады. Кейін проректор ойын өзгертіп, оқиғаны тергеу үшін комиссия құруды бұйырды.

Бұл үнді мектептеріндегі алғашқы жағдай емес. Үш жыл бұрын, елдің оңтүстігінде осыған ұқсас жанжал болған: ванна есіктерінде қан тапқаннан кейін 70 оқушыны жалаңаш шешінуге мәжбүрлеген.

Үндістанда әйелдерді етеккірге байланысты кемсіту өте жиі кездеседі. Бұл елде етеккір тыйым салынады, ал әйелдер бұл кезде «таза емес» болып саналады. Олар көбінесе қоғамдық және діни іс-шараларға жіберілмейді, тіпті ғибадатханалар мен ас үйлерге кіруге болмайды.

Үнді қалаларындағы білімді әйелдер бұл тәжірибемен күресіп бағуда. Соңғы жылдары белсенділер етеккірді дененің қалыпты қызметі екенін көрсетуге тырысуда. Бірақ бұл әрекеттер әрдайым сәтті аяқталған емес.

2018 жылы Үндістан соты барлық жастағы әйелдердің Кераладағы ғибадатханаға кіруіне тыйым салудың заңсыздығы туралы маңызды шешім шығарды. Алайда бір жылдан кейін судьялар жаппай наразылықтардан кейін бұл шешімді қайта қарауға келісті.

Бұл наразылық акциясына көптеген әйелдер де қатысты - бұл етеккірге байланысты қоғамдағы кемсітушіліктің қаншалықты терең тамырланғанының белгісі. 

 

 

 

 

Талқылау