Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қыз деген аты бар": Әкесін жуындырған Қыдырәлі мен Қарақаттың қызы жұртты тәнті етті (видео)

Әкесін жуындырған Қыдырәлі мен Қарақаттың қызы жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдызды жұптың кенжесі Аяла Қыдырәліқызы шетелде демалыста жүрген кезде әкесін жуындырып, жұртты күлкіге қарық қылды. Жағажайда жүріп әкесінің қамын ойлаған ол Қыдырәлі Болмановтың басын қайта-қайта жуып, үстіндегі құмды тазаламақшы болған.

"Әкемді бүгін жақсылап тұрып жуындырдым. Әкесінің қызы", - деп жазба қалдырған Аяла Қыдырәліқызы желідегі парақшасында. 

Бұны көрген желідегі жұрт кішкентай Аяланың ақылдылығына тамсанып, бірінен кейін бірі пікір қалдырып, таңқалыстарын жасырмады. 

"Осы қыз ақылды болайын деп тұр", "Қыз әкеге жақын болады деген рас қой", "Жаным, қыз деген аты бар ғой", "Әкесі мен анасының жанашыры", "Сүйкімді періште", "Қандай керемет", - десті жұрт.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр