БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қыз баланы жоқшылық бұзады": Ердос Қанаев ұлына қарағанда неге қызына көбірек ақша беретінін айтты

Ердос Қанаев ұлына қарағанда қызына көбірек ақша беретінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы мен қызының суретін жүктеп, бала тәрбиесі жайында сөз қозғаған. Ұлына қарағанда қызына көп көңіл бөлетінін де жазбасы арқылы көрсеткен. Осылайша Ердос Қанаев қыздың отбасындағы рөлін айқындай түскісі келген сыңайлы. Жазушының оқиғасын жазған ол бала тәрбиесіндегі ұстанымын да ашық көрсетті.

"Белгілі тәжік жазушысы Садриддин Айнидың ұлы мен қызы өз заманында элиталық орта Мәскеуде оқитын болған. Жазушы әр ай сайын ұлына аздау, қызына көптеу етіп ақша салып тұрады екен. Онысына талай рет куә болған почта қызметшісі "Екеуі өз перзеттеріңіз болса, неге тең дәрежеде де ақша салмайсыз? " депті. Сонда жазушы: " Ұл баланы тоқшылық бұзады, сол үшін аздау ақша саламын. Қыз баланы жоқшылық бұзады, сол үшін көптеу ақша саламын"  деген екен. Өте керемет ақыл түсінген адамға", - деп жазды өнер иесі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр