"Қыз бала әкесіне жақын болады": Альбина Шардарова перзентханадан шықты

Белгілі әнші Альбина Шардарова перзентханадан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы жұлдызды әке Бауыржан Сатов желідегі парақшасында жариялаған. Бақыттан басы айналған әке осылайша қуанышымен бөлісті. Қыздың әкесіне қаншалық жақын болатынын жазуды да ұмытпады ол. Келіншегі Альбина Шардароваға алғысын айтып, жақсы ата-ана болуды жазсын деп ниет етті.

" "Қыз бала əкесіне жақын болады" демекші, менің тұңғышым, менің көзімнің ағы мен қарасы сыйлаған алтын қызымды перзентханадан шығарып екі езуім құлаққа жетіп, бақыттан басым айналды. Ағайын, мен - әкемін! Ағайын, менің қызым бар! Аллаға мың тағзым, мың шүкір! Бақытымыз баянды, қуанышымыз ұзағынан болсын! Үкілеген үмітіміз - бала-шағамыздың қызығын көруді жазсын! Бəріңізге мен кешкен сезімді кешуді бұйырсын! Тілектеріңізге, таза көңілдеріңізге көп рахмет! Сіздерге еселене бұйырсын!" - дейді Бауыржан Сатов.

Тұңғышын актер перзентханадан дүркіретіп шығарып алды. Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатовтың қыздарының есімі - Жасмин. Жұлдызды жұпты өнер иелері де құттықтап, кішкентай ханшайымдарына бақытты ғұмыр тіледі. 

"Кішкентайларыңның бауы берік болсын. Алла тіл-көзден сақтасын", "Дені сау, ақылды қыз болып өссін", "Ата-анасының қуанышы болып, үкілі үміті атансын, тәтті балапан", - деп жазды олар.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген
Çàãðóçêà...