Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытаймен шекарада орналасқан "Eurotransit Nur Zholy" кешені мемлекет меншігіне өтті

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысындағы "Eurotransit Nur Zholy" ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр жолы

Агенттік мәліметінше компания Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген.  

“Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-дың бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд. теңгені құрады”, – делінген хабарламада. 

Тергеу барысында "Eurotransit Nur Zholy" ЖШС кінәні толығымен мойындаған. Сонымен қатар құны 5,3 миллиард теңгеден асатын ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) мемлекетке беру турлы өтініш жазған. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 02 Ақпан, 2023 10:27