Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық індет Германияға жетті

Германияда короновирусты жұқтырған адам табылды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы Баварияның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдеме жасады.

Ауруға шалдыққан науқас - Мюнхеннің оңтүстік-батысынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Штарнберг қаласының тұрғыны.

"Ер азама медициналық қызметкерлерінді бақылауында және басқаларынан алшақ жерге орналастырылды", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Бұған қоса ол германиялықтардың ауруға шалдығуы өте төмен деп бағаланғанын жеткізді. 

Науқаспен қарым-қатынаста болған тұрғындарға аурудың симптомдары жайлы айтылған. Оған қоса оларға тазалық шараларын ұстану қажет екендігі ескерілген. 

Қазіргі уақыттың өзінде коронавирус Оңтүстік Коряға, Тайванға, Таиландқа, Непал мен Вьетнамға, Сауд Арабиясына, Сингапурге, АҚШ-қа, Франция және Австралияға жетіпті. 

 


 

Талқылау