Соңғы жаңалықтар

Қытайдан тұқым салынған жұмбақ сәлемдемелерді тағы бірнеше елдің тұрғындары ала бастады

Батыс елдерінің, атап айтқанда Франция, Израиль, Ұлыбритания және Канада тұрғындары Қытайдан тапсырыс бермеген жұмбақ сәлемдемелерді ала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Францияның ауыл шаруашылығы министрлігі сәлемдемелердегі тұқымдар аурудың қоздырғышы немесе адам қызметінің нәтижесінде таралған және биологиялық әртүрлілікке қауіп төндіретін инвазивті түрлер болуы мүмкін деп қорқады.

Франция билігі халықты мұндай тұқымдарды жоюға және ешқандай жағдайда оларды екпеуге шақырды. Дұрыс жою үшін оларды пакетке салып, мықтап байлап, қоқыс жәшігіне тастау керек. Тұқымдар басқа қалдықтармен бірге жойылады.

Тамыздың басында АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия және Ұлыбританияның жүздеген тұрғындары Қытайдан жұмбақ тұқымдары бар сәлемдемелер алғаны белгілі болды. Адамдар пакеттерден белгісіз өсімдіктердің қара немесе ақ тұқымдарын тапты. Бұл ретте сәлемдемелердің қаптамасында ішінде ойыншықтар немесе зергерлік бұйымдар бар екендігі жазылған.

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым отырғызбауға және оларды жоюға шақырды. Бірақ Арканзас штатындағы Бунвилл қаласының тұрғыны Дойл Креншоун Қытайдан келген белгісіз тұқымдарды отырғызып, жемісін көргенде таңғалған. Оның айтуынша, өсімдік қызғылт-сары болып гүлдеп, содан кейін үлкен ақ жемістер берген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр