Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан тарап жатқан індетке байланысты теннис жарысы Қазақстанға көшірілді

Халықаралық теннис федерациясы 26 қаңтар күні Қытайда коронавирустың жаппай таралуына байланысты жарысты Қазақстанда өткізуді шешті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тениис

Теннистан болатын сайыс Қытайдан Қазақстанға көшірілді. Теннис турнирі Қытайды Дунгуан қаласында 4-8 ақпан аралығында өткізіледі деп жоспарланған, алайда індетке байланысты жарыс дәл сол күндері Нұр-Сұлтанға ауыстырылды. 

"Іс-шараны ауыстыру туралы шешім Қытайдағы қалалардың жабылуына қатысты шығарылды. Бұған қоса қауіпсіздік жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың пікірі ескерілді", - деп жазылған теннис федерациясының хабарламасында. 

Теннистан өтетін сайыста Қытайдан, Тайвань, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея және Өзбекстаннан келген ойыншылар бақ сынасады. 


 

Талқылау