Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы коронавирустан көз жұмғандардың саны 80-ге жетті

Қытайлық коронавирустан көз жұмғандардың саны 80-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдағы індет

Ауру пайда болған Хубэй провинциясының өзінде аурудың құрбанына айналғандардың саны 56-дан 76-ға артыпты. Қалған көз жұмған төрт азамат Қытайдың басқа да аумақтарының тұрғындары екен. 

Бұған қоса індетті жұқтырғандардың саны 2744-ке бір-ақ жетіпті. Науқастардың көбі - қытайлықтар.

"Болжалды түрде ауруды жұқтырғандардың саны 5794-ке жетуі мүмкін", - деп хабарлады Қытайдың денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері. 

Бүгінгі күні ауруды жұқтырғандар Қытайдан бөлек, Гонконгте, Макода, Тайванда, Таиландта, Жапонияда, Оңтүстік Корея мен Сингапурде, АҚШ-та, Канадада, Вьетнамда, Непалда, Францияда, Австралия және Малайзияда тіркеліпті. 

Еске салайық, жаппай таралып жатқан індет жайлы Уханьдағы қазақстандық студенттер пікір білдірген еді. Сөздерінше, қаладағы жағдай тұрақты, абыр-сабыр болып жүрген ешкім жоқ. Бәрі беттерінен медициналық бетперде тастамайды. Оған қоса коронавируске шалдыққан адамдардың бойынан байқалатын аурудың белгілері айтылды.


 

Талқылау