Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда таралып жатқан індеттен үшінші адам көз жұмды

Қытайдағы Ухань қаласында жаппай таралып жатқан індеттен осымен үшінші адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көз жұмды

Дәрігерлер 18 қаңтар күні ауруды жұқтырған 59 адам, ал 19 қаңтарда тағы 77 науқасты тіркепті. Олардың ішінде 66 ер адам мен 70 әйел бар. Ауруды жұқтырған ең жас науқас 25-те болса, ең кәрісі 89-да екен. Барлығының арасында сырқаттың симптомдары 18 қаңтарда байқалыпты: олардың дене қызуы көтеріліп, жөтел қысып, демікпеге шалдыққан. 

"Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адамдардың саны 198-ге жетті, олардың 25-і  ауруханадан шығарылды. 35-інің жағдайы ауыр, үш адам көз жұмды. Науқастардың денсаулығы тұрақты деп айтуға болады", - делінген қаланың денсаулық басқармасының мәлімдемесінде. 

Ауруға шалдыққан адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған 817 адам тексерістен өтіпті, олардың 727-і дәрігерлердің бақылауынан шығарылған. Қалғандарының бойында сырқаттың симптомдары байқалмапты. 


Бұған дейін Қытайда жаппай таралған індеттен екінші адам көз жұмғаны айтылған еді. Оған қоса қытайлық мамандар ауруды қоздырушы жаңа вирусты тапқан. 

Талқылау