Қытайда өтетін Азия ойындарының ашылуында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды
2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін lX қысқы Азия ойындарында еліміздің көк туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трек шебері Ольга Тихонова ұстайтын болды. Бұл турал Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: коллаж olympic.kz
Әділ Бекетаев – Петропавл хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Қазір спортшы астаналық “Барыс” хоккей клубының жейдесінде өнер көрсетеді. Елордалық команда сапында 2021 жылдан бастап ойнайды. Бұған дейін қорғаушы “Торпедо” командасының құрамында болған. 2019 жылы Әділ Қазақстан Кубогының үздік қорғаушысы атанды. 2022/23 жылы “Номад” хоккей клубымен бірге Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Ольга Тихонова – 2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен Азия ойындарының шорт-тректен қола жүлдегері. 2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы олимпиада ойындарының қатысушысы. 2024 жылы төрт құрлық чемпиондары турнирінің қола жүлдегері.
Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуы 7 ақпанда Харбин қаласында өтеді. Байрақты бәсеке 7-14 ақпан аралығына жоспарланған.
Қытайдағы жарыста спортшылар сайыстың 6 түрінен 196 медальдар жиынтығын сарапқа салады. Жарысқа Азияның 32 елінен 1147 спортшы қатыспақ. Ал Қазақстан құрамасы намысын 137 спортшы қорғамақ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

