Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда әлемдегі H10N3 құс тұмауын жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында, Чжэньцзян қаласында адамның H10N3 құс тұмауы штамын жұқтыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қытайдың денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"41 жастағы ер адам 23 сәуір күні дене қызуының көтерілуінен қалтырай бастаған. Сонымен қатар басқа симптомдар да белгі берген. 28 сәуір күні ол ауруханаға түскен. Қазіргі кезде науқастың жағдайы қалыпты, ауруханадан шығуға болатын стандарттарға сай", - деді денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет. 

28 мамыр күні Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жүргізген зерттеу бойынша H10N3 вирусын жұқтыру фактісі расталды.

Талқылау