Қытай азаматтарын ұрды деген Қызылағаш тұрғындары 2 айға қамауға алынды

Қытай азаматын ұрды деген күдікпен ұсталған 5 азаматты екі айға қамау туралы сот санкция шығарды. Ал қамауға алынған азаматтардың жақындары билік бұл істе біржақтылық танытпаса, дейді. Өйткені Жамбыл Қанатты соққыға жыққан, ең алдымен, шетел азаматтары екенін де ескерсе деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қызылағаш тұрғындары

«Қытай бастамаса, олар мұндай жағдайға бармас еді. Мұндай жағдай болмас еді ғой. Бұл жерде қытай бастап отыр ғой. Соған қарасаңыздаршы, көңіл бөлсеңіздерші. Айналайын, халқым, көмектесеңіздер. Бес бауырым шырылдап жатыр», - дейді Қызылағаш тұрғыны. 

Қытай азаматтарын ұрды деген күдікпен ұсталған бес жігіттің жақындарының жанайқайы осындай. Олар бар бүлікті бірінші болып қытай азаматтары бастады деп отыр. Сондықтан тергеуді жүргізіп жатқан полиция қызметі бұл іске біржақтылық танытпаса екен дейді. Сондай-ақ, қамауда отырған азаматтар босатылсын деп талап қойып отыр. 

«Не тамағын, не киім-кешегін бере алмаймыз. Бүгін жолығамыз ба деп келіп едік, онда да жолықтырмады. Кісі өлтірген адамды да жолықтырады ғой», - дейді Қызылағаш тұрғыны Фарида Қуатова. 

Бір баласын жетектеп, бір баласын көтеріп келген бұл жандардың барлығы қамауда отырған азаматтардың жарлары. Олар Қызылағаштан Талдықорғанға арнайы келген. 

Ал қызылағаштық ағайын осындай қазақ пен қытай арасындағы қақтығыс құзырлы органның да салғырттығынан болып отыр деп ашулы. Себебі, қақтығыс болған компания жұмысшылары арасында бұған дейін де бірнеше кикілжің болған-ды. Ал әрі қарай тергеуден соң іс сотқа жіберіледі. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...