Қытай 3 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берді
Қытай билігі балалар мен жасөспірімдерге Sinovac (CoronaVac) вакцинасын салуға рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Енді Sinovac Biotech компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасы 3 пен 17 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау үшін қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік теледидар эфирінде өндіруші фармкомпанияның басшысы Инь Вайдун хабарлады.
“I және II фазалардың клиникалық сынақтарының алдын-ала нәтижелері вакцинаның 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда иммундық реакция тудыратынын көрсетті”, – дейді Инь Вайдун.
Бұл жағдайда жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңіл болған.
Сондай-ақ ол кәмелетке толмағандардың егде жастағы адамдарға қарағанда коронавирусқа қарсы вакцинацияға сұранысы төмен екенін атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта әлемнің өзге елдері сияқты Қытайда да 18 жастан асқан адамдарға жаппай вакцинация жүргізілуде.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ