Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай ұлының төсегінен "елесті" көрген анасының зәре-құты қалмады 

АҚШ-тың Иллинойс штатында тұратын әйел кішкентай ұлының төсегінен «елес баланы» көргенін айтты. Ол желіде «елестің» суретін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай ұлының төсегінен

Әйел Facebook желісіндегі парақшасында түнде болған қорқынышты жағдай туралы жазба қалдырды. Сөзінше, ол баласының бөлмесінде орнатылған бейнекамераның жазбасын көріп, қатты шошыған. Видео кадрларынан сәбидің жанындағы «елес баланың» беті анық көрінеді.

Әйелдің сөзінше, ол мұндай көріністен кейін түні бойы ұйықтай алмаған. Қолыма шам ұстап, баламның бөлмесіне кірмек болдым, дейді ол. Алайда оған батылы бармапты. Тең ертесі күні таңертең бөлмеге кіруге батылы жеткен. 

Бөлмеге кіріп, баласының төсегіне қараған әйел сол кезде ғана «елестің» матрастағы жарнама қағазы екенін ұғады. Күйеуі матрасты қаптауды ұмытып кеткен екен. Соның салдарынан баланың суреті төсек жаймасынан көрініп тұрыпты.

Кішкентай ұлының төсегінен Өз кезегінде желі қолданушыларының дені баласының жанындағы «елесті» көре тұра, оның жанына бармай, таңға дейін күткен әйелді сынады. 

Талқылау