Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кішкентай Алтынай": Жорабаеваның тұңғышы журналист болмақ

Алтынай Жорабаеваның қызы журналист болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл жайлы өнер иесінің өзі айтып берді. Қызының болашағын мінезіне қарап болжаған Алтынай Жорабаева тұңғышы Аяулымды журналист болады деп шешекен. Алғашында бұл туралы қызына айтқан өнер иесі, қызым неге бұл мамандық деп таңқалды дейді. Дегенмен, Аяулым бұл саланы жан-жақты ұғынғаннан кейін, журналист болғысы келетінін айтқан көрінеді.

"Үлкен қызды журналистикаға беріп жатырмын. Қазір қосымша оқып жүр. Сен ашылып, ойыңды айтпайсың, сондықтан журналистикаға бару керек дедім. "Неге?" дейді. "Журналистикаға барсаң, ашылып ойыңды айта аласың, білімің бар, еркін сөйлесесің. Мен сеннен өзімнің кішкентай кезімдегі Алтынайды көремін. Ойыңды ашық айтсаң бәрі жеңіл болады" дедім. Содан, оны қосымшаға жібердім. Бірінші күні "Аншым, сізге рахмет. Маған қатты ұнады. Журналист болғым келеді екен" деп келді", - дейді Алтынай Жорабаева.

Өнер иесі осылайша қызының болашағын айқындап берген. Перзенттерінің жан дүниесін жақсы білетін Алтынай Жорабаева Аяулымның жүрек қалауындағы мамандықты тапқанына дән риза.

Талқылау