Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кіші ұлы мен әкесі тіл тартпай кетті": Қазақстандық футболшы ауыр жол апатына ұшырады

Қазақстандық «Семей», «Энергетик», «Қазақмыс», «Ақжайық», «Шығыс» және «Атырау» футбол командаларының бұрынғы қақпашысы Илья Бәйтеряков отбасымен бірге ауыл жол апатына ұшырады. Бұл туралы танымал футбол шолушысы Айдын Қожахмет Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Семейден сұмдық жаңалық келді. Илья тізгіндеген көлік Семей-Өскемен тас жолында аударылып қалды. 35 жастағы бұрынғы-ойыншының кіші ұлы мен әкесі тіл тартпай кеткен. Илья мен үлкен ұлының жағдайы ауыр. Илья комада жатыр», - деп жазды Айдын Қожахмет.

Сонымен қатар ол Бәйтеряковтың анасы мен жұбайының да апаттан зардап шеккенін айтты. 

«Олардың жағдайы қалыпты. Алайда қайғылы жағдайдың ауырлығын ескерсек, бұлай деп айту қиын», - дейді футбол шолушысы.

Илья Бәйтеряков өз карьерасында Қазақстанның жоғары лигасында 45 ойын көрсеткен.

Талқылау