Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қырым кімдікі?" деп сұраңыз": Сәкен Майғазиев пен ресейлік әнші Меладзенің кездесуі ел талқысына түсті

“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев ресейлік әнші Валерий Меладземен жолығып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Өнер иесі әзілге толы видеосының астына жазба жариялады. 

“Мынау кластастарымның суреті”, Ал мынау жиенімнің құдалығы”, “А-а-а, бұл қызымның бірінші сыныпқа барған суреті ғой” деп тұрған кезім”, – деді әнші. 



Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, екі елдің әртістерін қызу талқылап жатыр. 

“Меладзе мықты әнші. Ресей мен Украина соғысына қарсы адам”, “Қырым кімдікі деп сұрау керек еді”, “Сәкен ағамыздан: “Жас көрінудің сыры неде?” деп сұрап тұрған болар”, “Екі елдің легендалары”, “Қандай бақытты әнші. Мен 1994 жылдан бері жақсы көремін”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова әріптесі Сәкен Майғазиевпен ерекше амандасқанын жазған едік. 

 

Талқылау