Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Латын әліпбиіне көшу асқан қиындықтар тудырмайды": отандық ғалымдар латын әліпбиімен қазақтар үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерді атады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Алматыда "Жаңа емленің құрылымы мен мазмұны" жайында республикалық іс-шара өткізді. БАҚ пен баспа қызметкерлеріне ұйымдастырылған іс-шарада латын әліпбиінде жазуды, оқуды үйрететін IT жобалар таныстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылданғанымен, қазақстандықтардың тіл реформасына қатысты ойы көпке дейін бірауыздан қолдау таппады. 2018 жылы Назарбаев латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткенге дейін халық қазақ тіліндегі шығыс, сәуле, сәбіз сынды сөздердің латын әліпбиіне аударылған нұсқасын қатаң сынның астына алған еді. Әйтсе де, "Көш жүре түзеледі" дегендей, латын графикасының келешегі зор екенін ұғынған жұрт бүгінгі күні жаңа әліпбиді белсенді үйреніп келеді. 

Қазақстандықтарға латын әліпбиін меңгеруге көмектесетін IT жобалардың бірі — Qazlatyn.kz ұлттық порталы. Порталға кіріп, латын әліпбиіне көшу барысы жайында барлық деректермен танысып, сөздердің латынша қалай жазылатынын көріп, дыбысталуын тыңдауға болады. Сайттың басты бетіндегі "Конвертер" айдарына кірсеңіз, электронды мәтінді кириллицидан латын графикасына және төте жазуға, сондай-ақ керісінше аудара аласыз.  Ол үшін электронды дайын мәтінді аударуға саласыз немесе  сол веб парақшада теріп, дайындайсыз. Содан кейін сәйкестендіру деген пернені басасыз. Конвертер 50 беттік мәліметті 1 секундтың ішінде аударады. 

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовтың айтуы бойынша, тоқсан жылдың ішінде 4 әліпби ауыстырған елде жаңа тілдік реформа Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан сынды мемлекеттермен салыстырғанда асқан қиындықпен жүзеге аспайды. Сонымен қатар,  ол дүние жүзіндегі 7 миллиард 700 мың адамның 36 пайызы латын әліпбиін қолданатынын ескеріп, заман көшінен қалмау керектігін айтты. 

"Инновацияның, жаңа технологияның 70 пайызы латын негізді әріптерде жазылады. Инновация мен ғылымда кирилл әліпбиінде жазылған ақпарат 0.3 пайыз ғана. Кирилл әліпбиі латын әліпбиіне қарағанда 250 есе бәсекеге қабілетсіз. Барлық халықаралық ұйымдар латын әліпбиінде жұмыс істейді, — дейді маман. 

Филолог ғылымдарының кандидаты Тілешовтың сөзінше, латын әліпбиін толығымен үйреніп алсақ, шетелдегі бауырларымызбен, нақтырақ айтқанда әлемнің 45 елінде 4,5 миллиондай қазақпен ортақ қарым-қатынас құралы пайда болады. 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр

Әйел сүйіктісінің өзіне опасыздық жасап жүргенін картаның көмегімен білді

Ер адам бойжеткенді ұрып-соғып, ақыры істі болды

Ер адам кішкентай балықтың арқасында теңізде жоғалтқан жүзігін тауып алды

Шамамен 400 метр қашықтықты жүзіп өткен ер адам жағаға қайтып оралғанда жүзігінің жоқ екенін көрген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр