Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда Парламент мемлекеттік қызметшілерге қырғыз тілін білуді және меңгеруді міндеттеді

Қырғызстандағы мемлекеттік қызметшілерге қырғыз тілін меңгеру міндеттелді. Парламентте тіл туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дерекке сүйенсек, ұсынысты 69 депутат қолдаған. Заң аясында мемлекеттік қызметкерлер мен өзін-өзң басқару органдарына қырғыз тілін қолдану талап етіледі. Осылайша ұлттық тілдің дамуына күш салынбақ. 

Құжатта B1 орта деңгейінде мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс тұлғалардың тізімі де енгізілмек. Атап айтқанда, мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлер, депутаттар, әскери қызметкерлер, судьялар, барлық меншік түріндегі оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері.

Сондай-ақ, БАҚ саласында да тіл мәселесі бақыланады. Яғни телеарналар кемінде қырғыз тілінде 50 пайыз контентті қамтуы тиіс болса, веб-сайттар да өырғызша шыққан ақпараттар ағынын өзге тілде материалдардан кем қылмауы тиіс.

Талқылау