Қырғызстанда 4, 5 балдық жер сілкінісі болды
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут 12 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. "Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген "Алматы" кезекші операторының хабарламасында.
Еске салайық, 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда бірнеше күшті жер сілкінісі болып, жерасты дүмпулерінің күші 7,8 баллға жетті.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда қаза тапқандар саны 17 674-ке жетсе, Сирияда 1 347 адам жер сілкінісінің құрбаны болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген