Қырғызстан премьер-министрі Алиса мен Siri-дің қазақ тілінде сөйлемейтініне алаңдаушылық білдірді
Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Digital Almaty пленарлық сессиясында дауыстық көмекшілердің қазақ тілінде де, қырғыз тілінде де сөйлемейтініне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жасанды интеллект жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады. Сонымен қатар, технологияның даму қарқыны өзгерістерге жол бастайды.
"Маған сол Алиса мен Siri-дің қырғыз немесе қазақ тілдерінде сөйлемейтіні толғандырады. Цифрлық әлемге енбейтін тілдер жазу тіліне енбей қалған тілдің тағдырын кешеді. Жасанды интеллект мүмкіндіктермен қоса мәселелер әкелетінін ескеру маңызды. Сондықтан оның қоғамға әсерін белсенді басқару қажет", – деді Жапаров.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген