"Кіреберіс қан-жоса": Рудныйда тұрғын итті пышақтап өлтірген
Рудныйда көпқабатты үйдің кіреберістерінің бірінде белгісіз біреу итті пышақтап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 18 қарашада 50 лет Октября көшесіндегі №112 үйде болған. Оқиға орнын куәгер видеоға түсіріп алған.
Көшеде бір әйел қанға толы иттің өлексесін тапты. "Оның тамағы кесілген сияқты” дейді қорқып кеткен қала тұрғыны.
Еріктілер болған жайды дереу хабардар етіп, итті алып, ветеринарлық клиникаға апаруды өтінді, бірақ жануар өліп қалды.
Оқиға орнына полиция келді. Рудный полиция бөлімі тергеу басталғанын хабарлады.
"Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, оның ішінде оқиғаның куәгерлері мен қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны анықтау шаралары жүргізіледі", – делінген хабарламада.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады