Киноға түскен Жанар Дұғалова ашық сахналардың барын жасырмады
Белгілі әнші әрі актриса Жанар Дұғалова жақында көрерменге жол тартқан кинотуынды жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

©instagram.com/zhanar_dugalova
Журналист актрисадан іріктеуден қалай өткенін сұарды.
“Жасыратыны жоқ, менен өзге тағы бір-екі актрисаны байқастады. Бірақ соңында режиссердің таңдауы менің шеберлігіме түсті”, – деп жауап берді.
Актрисаның айтуынша, көрермен жаңа жанрдағы фильмді жақсы қабылдаған көрінеді.
“Әлеуметтік желі мен жекеме келіп түскен пікірлер легіне зер салсам, кино жұрттың көңілінен шыққан тәрізді. Бірақ жаңа жанр болған соң көрерменнің барлығы дерлік түсіне қоймас. Дегенмен, жаңашылдықты қабылдай алатын жастарға ұнап жатқан сыңайлы.Киноны қалай қабылдау әркімнің талғамына байланысты дүние ғой. Бұл – Нұрғалиев таспалаған жаңа жанрдағы екінші фильм. Оның режиссерлік шеберлігін ескерсек, кейінгісі де сәтті шықты деп ойлаймын”, – дейді ол.
Өнер иесі фильмдегі ашық сахналар мен қаламақысы туралы жасырмай айтты.
“Жалаңаш көріністерде мені дублер алмастырды. Сондықтан ол жерде менің ашық тәнім көрсетілмейді. Мойындауым керек, қаламақым өте аз болды. Ернар екеуміз жиырма жылдан бері ол кинода, мен сахнада бірге келе жатқандықтан, достық көңілмен қолдауға тырыстым”, – деді Жанар.
Ол кинотуындыға тек актриса ретінде атсалысқан.
“Фильмде бірнеше саундтрек орындалады. Оның бірін өзіңіз шырқадыңыз ба?” деген сұраққа ол: “Жоқ, мен фильмге тек актриса ретінде ғана қатыстым. Оның үстіне ол кезде қосымша саундтрек жаздыруға уақытым да болмады”, – деп жауап берді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік