Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кінәлі болмаса неге қорқады?": Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың анасы оның жанында болған жігіттер туралы

Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың анасы қызы қасақана өлтірілген деп санайды. Әрі оның күдігі бірнеше күн бойы қызының әлеуметтік желісіне хат жазып, кездесуге шақырып жүрген жігіттерге түсіп отыр. Алайда бүгін СІМ Қытай полициясы тергеуді қайта жүргізіп, қыздың өліміне қайғылы жағдай себеп болғанын мәлімдеді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.

Туыстары Сандира Серікханованы «өмірге құштар, жүрегі арманға толы жан еді» дейді. Өмірден озғанына 3 айға жуықтаса да жақындары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Себебі әлеуметтік желіде бейтаныс жігіттер оны бірнеше рет кездесуге дәмханаға шақырыпты. Алайда сол күні екі жігіттің біреуі қызға өз пәтерінен «бір затты алып кетейікші» деп қолқалапты. Бірақ өзі бізден «түк білмеймін» деп жалтарды, дейді анасы.

«Біз оларды әлеуметтік желілерден іздеп таптық. Күйеуім ол жігітке жазды. Сабырға келу үшін, сөйлесуге шақырды. Тіпті, ата-анасын ерте келсін дедік. Бізден қорықса, ренжітеді деп ойласа, жанына кімді ертіп келсе де өзі білсін деп ерік бердік. Егер ол кінәлі болмаса неге қорқады? Бірақ бірден бас тартты. «Бар білетінімді айттым» деп, барлық жерден бізді бұғаттап тастады», - дейді марқұмның анасы Альмира Төлеуханова. 

Анасының сөзінше, қызы кірген үйдің тек лифтісінде ғана бейнебақылау камерасы бар екен. Оның айтуынша, қыз жеделсатыға кіргісі келмей кері шегінген. Алайда жігіт әлденелерді айтып көндіріпті. 17-қабатқа көтерілген Сандира үйден жылап шыққан. Ештеңе деуге мұршасы келмей, ағыл-тегіл болған бойжеткен артта қалғанда, жігіт лифтіге беттеген. Артынша айқайлаған дауыстар шығыпты. Осы кезде жігіт баспалдақ аралығындағы балконға жүгіріп, төменгі қабатта жайрап жатқан қыздың аяқ киімін көрген. Ал Сандираның 7-қабаттағы сауда орталығының шатырына құлап түскенін байқапты. Алайда бұл жерде бір гәп бар, дейді әпкесі. 

«Сандираның 17-қабаттан өз еркімен секіріп кеткеніне сенбеймін. Өйткені, ол биіктен өлердей қорқатын. Оның үстіне үйіне қайтуға асығып жүрді. Барлығымыз оны асыға күтіп отырғанымызды білетін. Бөтен елде ешкім қорғап жүрмегенін білген соң, жиі хабарласатынбыз. Ең қорқыныштысы, өзге елде жүріп өз еліңнің адамдарының қолынан опат болу. Сонда қытайлықтардан емес, қазақтардан қорқу керек екен ғой. Сұмдық. Ол өз-өзін өлтірген жоқ. Сенбейміз», - дейді марқұмның әпкесі Альнура Ағаева. 

Марқұмның әпкесінің пікірінше, қызды үйіне апарған жігіттің бойы 1 метр 80 сантиметрге жуық. Балконның ернеуі оның кеудесіне дейін жетеді екен. Ал Сандираның бойы 1 метр 60 сантиметрден аспайды. Сондықтан өзі секіріп кетті деу қисынсыз. Оның үстіне, ыршып кету үшін әйнектен өтуі тиіс еді. Бірақ шыны бетінде де саусақ іздері жоқ. Ал бойжеткеннің ата-анасы суыт хабарды ести сала, әкесі Қытайға жедел жөнеліпті. Бірақ, ешкімнен мардымды жауап ала алмады, дейді ол. 

«Ешкімнен жөнді жауап ала алмай отырмыз. Өзіміз қайғыдан қан жұтып отырған кезде бізге хабарласқан жалғыз орган - Халыққа қызмет көрсету орталығы. Олар қызымның өлімі туралы анықтаманы сұрады. Себебі мен көпбалалы ана ретінде 10 мың теңге көмек аламын ғой. Осы ақшаны аударуды тоқтату үшін құжат қажет болыпты. Баламнан айрылып қиналып отырғанда хал-жағдайымызды сұрап, көңіл айтқан ешкім жоқ», - дейді марқұмның анасы.  

Ал сыртқы істер министрлігіндегілер қытайлық құзырлы органдар істі 2 рет рет тексеріп, ештеңе таппаған соң тоқтатқан деп отыр. Себебі Сандира Серікханованың әкесі Чанчжоу қаласына келген соң еліміздің Шанхайдағы бас консулдығының дипломаттары қажетті кездесулердің барлығын ұйымдастырыпты. Әрі студент қыз қаза тапқан үй подъезіндегі барлық камералардағы бейнематериалдармен танысыпты. 

«22 мамырда әкесі қайтыс болу туралы істі қайта қарау туралы өтініш білдірді. Ол өтініш Қытай тарапына жолданып, Қытай тарапы бұл істі қайта қарап шықты. Бұл істі қайта қарау нәтижесі бойынша жазатайым оқиға деп саналатын болып шықты», - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Жауапты орган өкілінің сөзінше, Сандираның жанында болған қыз -жігіттер университетте бірге оқитын замандастары болып шықты. Сондай-ақ, биіктен құлап көз жұмған қыздың мәйітіне бірден медициналық сараптама жасау қажеттігі марқұмның жақындарына бірден ескертіліпті. Алайда әкесі өзі ерікті түрде бас тартып, баласының денесін туған жеріне алып кетті, алайда әлі де кеш емес, дейді.

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Чанчжоу қаласында 23 жастағы қазақстандық студент Сандира Серікханова тұрғын үйдің 17-қабатынан құлап кетіп мерт болған еді. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай полициясының істі қайта тергегенін мәлімдеді. Полиция оның өлтірілгенін жоққа шығарып, қайғылы жағдай екенін айтты.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Барлықтарыңызға кеңес беремін": Асқар Мамин 18 мыңға Ақтөбе облысында күрте сатып алды

Аталған компания өңірдегі кәсіпкерліктерге киім тігумен айналысады

Түркістан облысында көпбалалы ана үшемді өмірге әкелді

31 жастағы ана 7 баланың анасы атанды

Жыныстық қатынасқа күш қолданбай түскісі келген: Қарағандыда 52 жастағы педофил ұсталды

Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды

"Қалайтындар ақымақ өшуіңді": Гүлзира Айдарбекованың жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Желі қолданушылары әншіге ұзақ ғұмыр тіледі

Жүрегіңіздің иесін іздеп жүрсіз бе? Онда осы өңірлерге барыңыз

Қазақстандағы әйелдердің саны 566,5 мың

Батыс өңірлерде ыстық басылады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 24-26 тамызға арналған болжам

"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Қала басшысы биыл Қытайдан 200 автобус келетінін айтты

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Шетелдік азаматша Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Қария полицейлердің тек таңертең келгенін айтып шағымданды

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Өнер иесі атышулы арудың жақсы қасиеттерін айтып берді
Çàãðóçêà...