Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кімнің қанша бергенін жазудың не қажеті бар?": Желідегілер қазақша жерлеуді сынап тастады

Әлеуметтік желіде жерлеу рәсімі кезінде кімнің қанша әкелгенін жазатын «салт-дәстүр» қызу талқыға түсті. Көпшілік мұны ұят әрекет пен сананың төмендігіне балады. Арасында керісінше дәл осылай жазылғанының дұрыс екенін айтқандар да болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Сурет: https://365info.kz/

Денсаулық сақтау министрлігінің экс-вице-министрі Ерік Әбенұлының жерлеу рәсіміне қатысты жазған жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік, расымен де, бұл «дәстүрді» ұната бермейтінін жазды. 

Ерік Әбенұлы жуырда танысының жақыны қайтыс болғанда бірге ілесіп барғанын айтты. Осы орайда, ол уақыттың емші еместігіне, бар болғаны жан жарасын тұншықтыратынын айтып өтті. 

«Былай болды. Халық жиналды. Кіре берісте кімнің қанша әкелгенін жазатын адам тұрды. Кез келген бухгалтериядағыдан да жіті жазылды. Не үшін? Оның жақыны қайтыс болған кезде оған да осы көлемде ақша алып бару үшін бе? Былайынша өзара есеп. Қайтыс болған адамның балалары мен туыстарына бұл маңызды емес деп ойлаймын. Бірақ осылай жасау керек дейді.

Барлығы жайғасты. Мұндай шараларда басты адам – молда. Осы кезде біртүрлі жағдай басталды. Жүргізуші әр-бері жүріп, сөз беретін адамды жан-жақты етіп таныстыруға әрекет жасады. Оның қобалжып, маңызды қонақтарды жіберіп алмауға тырысып тұрғаны байқалды. Барлығы үйлену тойын еске түсірді. Тек шарап жоқ. Тілек айтуға кезек беріп жатқандай. Соңында «Ал, алып қояйық сол үшін!» деген сөз жетпей тұрды. Осы кезе бешбармақ алып келді. Адамдар өзінің проблемасын айтып жатты. Бірі күліп, енді екіншісі басынан өткен оқиғасын бөлісті», - деп жазды ол. 

Кенет бір әйел жазба авторына кәмпит ұсынып, алмаса оны өздері алып кететінін айтқан. Әрі қарай әлгі әйелдер сөмкесіне бауырсақ, тауық санын және палау қалдығын салған. Қайтыс болған адамның сыйлықтарын әкелгенде, әрқайсысы 2-3 орамал, материалдан алып қалуға тырысқан. 

«Дастархан барысында жесір қалған әйел мен баланы қалай сабырға шақыруға боладыдан басқаның барлығы айтылды. Ет сапасы, кәмпит пен салаттың мөлшері дегендей. Әрі қарай молда 15 минут сөйлеп, өмір ережелері туралы дәріс оқыды. Арасында қайтыс болған азаматтың есімін ұмытып қалып, жанындағылардан сұрады. Жалпы оны көп адам тыңдай қоймады. Себебі әйел қауымы дастархандағыны жинаумен әлек болса, ер азаматтар тісін тазалап, жеке басының қиындықтарын айтып отырды.

Соңында барлығы қуанып кетіп қалды. Ал қара жамылған отбасы қайғысымен мейрамханада жеке қалды. Бүгінгі таңда өлу қымбат. Өте. Шығысты есептеген кезде әлгі әйелдер мен әжелерге кектеніп мәңгілік өмір сүргің келеді. Алайда бұл біздің өмір, тұрмысымыздың бір бөлігі. Өкінішке орай, салт-дәстүрге айналып келеді», - деді экс-вице-министр. 

Сөз соңында дәрігер бұл нәрсені түбегейлі өзгерту қолынан келмейтінін жасырмады. Десе де, бірінші кезекте өлген адамның жаны тынышталуы үшін не істеу керегін айтты. 

«Адам қайтыс болғаннан кейін оның қабірін алтынмен қаптауға болады. Бұл ол үшін маңызды емес, керек те емес. Жақынын жоғалтқан әрбір адамның жан жарасы – сақтай алмағаны, сүйіп үлгермегені, айтуға жүрексінгені, көмектеспегені, түсінбегені және т.б. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз. Хабарласып, сөйлесіңіз. Олар тірі кезде...» - деп аяқтады сөзін дәрігер. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде Ерік Әбенұлының сөзін қоштай түсті. 

«Иә, өз салт-дәстүрімізді ұмытып, оны мүлдем өзгертіп жібердік», «Арқалықта имам дастарханға жеміс пен тәтті қоюға тыйым салыпты. Осы дұрыс нәрсе», «Мына өмір не болып барады. Қазағым-ай, ойына келгенін жасап жатыр. Қандай қатыгездік!», «Барлығы дұрыс айтылған. Өзіміздікілер үшін де ұялатын кез болады. Имамдар бұған тыйым салуы тиіс. Қазір, тіпті, арнайы видеороликтер түсіретін болған» деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау