Еліміздің қай өңірлерінде баспана бағасы өсті?

Теңгенің әлсіреуі тұрғын үйге де әсер етті. Еліміздің барлық қаласында пәтер құны қымбаттады. Бағаның әсіресе республикамыздың оңтүстік-шығыс өңірінде айтарлықтай өскені байқалады. Баспана бағасы қай қалаларда көтеріліп жатыр, Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп жауап береді. 

тойбизнес

Еліміздің өңірлеріндегі баспана бағасының өскені рас. Республика бойынша ең үлкен өсім Павлодарда – 3,5 пайыз. Керекуде үйдің әр шаршы метрі 185 025 теңгеге дейін көтерілді.

Екінші кезекте – Талдықорған. Көрсеткіші - 2,8 пайыз, пәтердің шаршы метрі 189 100 теңгеге жеткен. Қымбатшылық Өскемен қаласын да айналып өтпеді. Бұл өңірде 2,3 пайыз, шаршы метрдің орташа бағасы – 195 925 теңге.

Пәтер құны басқа қалаларда да қалысар емес. Маңғыстау мен Атырау облыстарында баға тұрақты. Ал аумағы үлкен, бизнес класты үйлерге қызығушылық төмендеген. Экономистер тұрғын үй бағасының шарықтауына сұраныстың артуы да әсер етті деп отыр. Теңгенің құнсыздануы жығылғанға жұдырық болған.

"Келесі жылы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асқаннан кейін сұраныстың көбеюіне әкеп соғады. Бағаның өсуіне тағы алып келеді. Қазір тек қана өсім болады. Доллар әлемдік нарықта болған соң, ол бізге әсерін тигізеді. Құрылыс материалдары шетелден алып келгеннен кейін ол бағаның ішіне кіреді", - дейді экономика сарапшысы Мақсат Сералы.

Сарапшылардың пікірінше, тұрғын үй құны 2019 жылы қатты құбылмақ. Сондықтан экономистер баспаналы болуды жоспарлағандарға бағаның арзандауын күткен бекер дейді. Мамандардың пікірі осындай.   

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...