"Қиын. Нақты айта алмаймын": Қаржы министрі 80 мың теңгеге өмір сүруге бола ма деген сұраққа жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың Қазақстанда 80 мың теңгеге өмір сүруге болады деген сөзіне түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қиын, нақты айта алмаймын. Егер мұндай мүмкіндік болса, біз шығындардың өсуін қадағалауға дайынбыз. Бірақ бұл жалақы мәселесі емес, енді инфляциямен күресу керек", – деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Ол бюджетте әлеуметтік шығыстар 40 пайызды құрайтынын, оның ішінде жалпы республикалық бюджетті алатын болсақ, 95 пайызы тікелей шығындар – жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы екенін атап өтті.
"Қаржы министрі ретінде мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысын, жәрдемақыларын және т.б. арттыру мүмкіндігін қарастыруға дайынмын, бірақ шындық мынада, біз оны қазір көтере алмаймыз. Өйткені біз Ұлттық қорға жүгінуіміз керек. Яғни біз болашақ ұрпақ үшін белгілі бір қаражат іздеп жатырмыз. Егер өз кірісіміз мүмкіндік берсе, біз оны табиғи түрде біртіндеп арттырамыз", – деді Жамаубаев.