Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақат ұлының туған күнін шетелде атап өтті

Қыдырәлі мен Қарақат ұлының туған күнін шетелде атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айсұлтан есімді ұлының туған күнін Мысырда атап өткен Қыдырәлі мен Қарақат перзенттеріне ерекше сыйлық жасаған. Отбасымен демалысқа шығып, балаларынаң туған күнін атап өтуді жөн санаған жұлдызды жұп бұл жайлы желідегі парақшасында жазба қалдырды. Елден шығарда құран оқытып, тамақ беріп, ниет еткенін де айтып, демалыстарының жақсы өтіп жатқанын жеткізген. 

"Елден жолға шығарда, Алла разылығы үшін құран оқытып, қой сойғызып, медресеге құдайы тамақ бердік. Алладан жолымыздың жақсы болуын, ісімізге береке, еліміз, жерімізге амандық, ынтымақ, бірлік беруін тіледік! Шетелге келгеннен соң, Айпатшамыздың көптен күтіп жүген-ерекше күні, туған күнін қайтсек әсерлі өткіземіз деп алаңдадық", - дейді Қыдырәлі Болманов. 

Айсұлтан ұлдарының көптен күтіп жүрген мерекесін жақсы өткізіп, ұлдарына қуаныш сыйлай алғанын жасырмады олар. Қыдырәлі Болманов бұл тек ұлымның ғана емес, анасының да мерекесі деп Қарақат Әбілдинаға ақ тілегін жаудырған.

"Бұл жақта да балаға жақсы көңіл бөледі екен. Негізі әр баланың туған күні 9 ай көтеріп, алғашқы 2 жыл түн ұйқысын төрт бөлетін аналардың мерекесі. Ештен кеш жақсы деген. Алла қосқан аяулыма мейірімді Алла өзі берген әр балаңның бақытын көрсетіп, екі өмірдің абырой-бақытына бөлеп, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан болуды нәсіп еткей деп тілек білдірдім", - дейді Қыдырәлі Болманов.

Талқылау