Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КХДР Сеулдің АҚШ-пен бірлескен жаттығуларына жауап ретінде оқ жаудырды

КХДР Қарулы күштері Сеулге ескерту ретінде теңізге қарай артиллериялық оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап. 

Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпараттық агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Корея әскері шекара маңында белсенділік танытқандықтан, Корея Халық Армиясының Бас штабы оқ ату туралы бұйрық берген. Оқиға 6 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 09:15-те болды.

Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарының мәлімдемесінде Пхеньян бір уақытта өзінің шығыс және батыс жағалауынан 130-ға жуық артиллериялық снаряд атқаны айтылған.

Сеул әскери күштері 2018 жылы шиеленісті азайту үшін екі Корея арасында жасалған әскери келісімді "айқын бұзу" әрекеті мәлімдеді.

Кореяаралық саммит сонымен қатар теңіз буферлік аймағын құрды. Ал кейбір снарядтар сол жерге құлады, дейді Оңтүстік әскери күштері.

Солтүстік Кореяның әскери күштері оңтүстікте жалпы шекараға жақын жерде атылған ондаған "снарядтар" табылғаннан кейін оқ атқанын мәлімдеді. 

"Оңтүстік Кореяның әскери күштері атылған снарядтарға байланысты бірнеше ескерту жасады. Біздің әскерилер төтенше жағдайларға дайындалу, Оңтүстік Корея мен АҚШ арасындағы тығыз ынтымақтастық шеңберінде тиісті оқиғаларды қадағалау және бақылау арқылы жауынгерлік дайындығын күшейтеді", – деп қосты олар

Пхеньян сонымен қатар, Сеулді арандатушылық соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды.

Атыс Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың шекара маңындағы бірлескен жаттығуларынан кейін бір күн өткен соң болды. Өз кезегінде Сеул КХДР армиясының әрекеттері шекара маңындағы аймақтардағы шиеленісті азайту туралы 2018 жылғы кореяаралық әскери келісімді бұзды деп мәлімдеді.

 

Талқылау