Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кезекке тұрдық": Асхат Тарғын қызын оқуға түсіру үшін ешкімнің көмектеспегенін айтты

Асхат Тарғын қызын оқуға түсіру үшін ешкімнің көмектеспейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Асхат Тарғынның өзімен бірге ән салып, өнер жолына қадам басып кеткен үлкен қызы биыл 9-сынып бітіріп, музыкалық коледжге құжат тапсырып жатыр. Әкесінің екінші отбасымен тұруға келісім беріп, ауылдан Алматыға келген Айым Асхатқызы өзі өнер жолын таңдаған.

"Грантқа тапсырып көреміз. Өнер жолын қуамын, өлең айтамын деп жүргеннен кейін, музыкалық білімін колджде жалғастырғысы келетінін айтты. Әр бала өз  несібесімен. Бұйырғанын көреміз дедік. Ел қатарлы құжат тапсырдық. Бірнеше құжатымыз жетпей қалды. Бұйырса ертең тапсырамыз", - дейді Асхат Тарғын. 

Алайда өнер иесі танымалдылығын қолданып, қызының грантқа түсуіне ықпал етпегенін айтады. Соған қарағанда талантты Айым қыз өзіне толықтай сенім артып отырған сияқты.

"Жоқ, бізде ондай жоқ. Жаңа барып жетінші болып кезекке тұрдық. Танып жатыр. Бірақ мен халықпен біргемін", - дейді Асхат Тарғын.

Талқылау