Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кейде тамағымнан ас өтпей қалады": Отандасымыз шетелдікпен қол ұстасқан қазақ қыздарын не үшін масқаралайды?

Stan.kz тілшісі әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысымен сұхбаттасып, не көздейтінін анықтаған еді.

Былтыр желіде шетел азаматымен қол ұстасқан қазақ қызын көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұстап, масқаралаған видео тарап кеткен болатын. Аталмыш видео авторы Жәнібек Иманмәзір бұл қылығын қазақ қыздарын өзге ұлт өкілдерінен қорғағысы келетіндігімен түсіндірген.

«Шетелдіктердің 90 пайызы қазақ қыздарымен көңіл көтеру үшін келеді»

– Жәнібек, әлеуметтік желідегі жұрт сізді «қазақ қыздарын өзге ұлттан» қорғаушы ретінде таниды екен. Қарагөз қыздарымыздың шетел азаматымен көңіл қосқаны сізді неге қатты алаңдатады?

– Қазақ қыздарының шетел азаматтарымен көңіл қосатыны мені қатты алаңдатады. Тіптен тамағымнан кейде ас өтпей қалады. Көшеде қазақ қызының өзге ұлттың жанында жүргенін көрсем, көңіл-күйім быт-шыт болып кетеді. Қазір шетелдің жігітімен жүретін қазақтың қыздары көбейіп кетті. Басқа мұсылман елдерінің қыздары басқа ұлттың өкілімен жүрмек түгілі, таныспайды да. Шетелдіктермен жүрген қыздардың видеосын әлеуметтік желіге салғанда сол жерде отырған кейбір қарагөздер оларды ақтап, «қазақ жігіттері оңбаған», «қыздарды екіқабат етіп тастап кетеді», «әйелді сыйламайды» деп айтады. Бірақ жаман адам қазақта ғана емес, басқа ұлтта да бар ғой. 

– Қазақ қыздарын қорғаймын деп, керісінше масқаралап алып жүрген жоқсыз ба?

– Оларды масқаралаған дұрыс. Ұятқа қалдыру керек. Ешкімге білдірмей жүріп арын сататын қызды мақтайын ба енді? Оның шынайы бейнесін ата-анасы, бауырлары көруі керек. Содан кейін ғана олар қыздарын көшеге жібермей, үйінде қамап отырады. 

"Қасқыр үйде бар болса, жүрегім тыныш": Отандық журналист не себепті үйінде қасқыр асырайтынын түсіндірді>>

– Желіде түрік азаматымен қол ұстасып бара жатқан қызды әбден масқаралаған видеоңыз ба. Бұл ісіңізді көпшілік құп көрмеген еді. «Нағыз шовинист» немесе «хайп қуған» деген пікірлерді оқуға болады. Бұған не дейсіз? 

– Текті тектіні қолдаса, жезөкше өзінің жезөкшелерін қолдайды. Түрікпен қол ұстасып бара жатқан қызды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде масқаралаған видеом тарап жатыр дейсіз ғой. Оны не үшін салдым? Білесіз бе, Түркиядағы түріктер өздерінің қыздарын, тіпті жезөкшелеріне дейін қызғанады. Шеттен келген адамды оларға жолатпайды. Өйткені еркектердің намысы күшті. Қызына жақындатпайтын елді жаулау қиын дейді. Бұл рас. Ал біздікілер «түрік бауырлас халық, онда тұрған не бар» деп айтады.

«Кореяға жұмысқа, оқуға кеткен қыздар кәрістермен жыныстық қатынасқа түсе бастапты»

– Қазақ қыздарының өзге ұлт өкілінің етегінен ұстауына жігіттеріміз кінәлі ме? Қалай ойлайсыз?

– Түріктермен жүретін қыздардың көбеюі түрік телехикаясының бізде көп көрсетілуінде. 90-жылдары қыздар мұндай жүндес халықтан қаша жөнелетін. Қазір енді Кореяға жұмысқа, оқуға кеткен қыздар кәрістермен жыныстық қатынасқа түсе бастапты дейді. Сол жақтағы қазақ жігіттері кейде маған айтып, намыстанады.

Шетелдіктерден қыздарымызды қорғауымыз керек. Түріктердің зинақорлығы соншалық, олардың 90 пайызы Қазақстанға қыздарымызбен көңіл көтеру үшін келеді екен. Өздері осы жақта кафе ашып алып, сол жерге жын-ойнақ етіп қыздарды толтырып алған. Сөйтіп ойына келгенін істейді. Түріктер қыздармен интернет арқылы танысады. Кафесіне шақырады, тегін тамақ алып беріп, басын айналдырады.

– Қыздарымызды қазақ жігіттері бағаламай жаткан жоқ па? Әйеліне қол көтеру, үй тірлігіне жегіп қою бізде қалыпты жағдай. Барлық жауапкершілік әйелдің мойында. Қайын жұрттың көңілінен шығу тағы бар. Бәлкім қазақ жігіттеріне әйел емес, идеал келін керек шығар? 

– Қыздарымызды бағаламай жатқан жігіттер де бар. Арын сатқыш қыздарымыз күн санап көбейіп жатыр. «Көпке топырақ шашпа» дейді маған көбісі. Арын сатқыш қыздан, елін сатқыш бала туылады. Қазақ жігіттері қыздарды бей-жай жіберіп қойды. Соның кесірінен қазір еркекке қарсы сөйлейтін қыз көбейді. Бұрын еркек сөйлесе, қатын тыныш отыратын. Ата-бабамыздан «Еркек үндемей, қатын сөйлеген үйден без» деген сөз қалған. 

– «Жиырма шақты Айко, Айка деген аты бар қыз-келіншектерді байқадым, біразы жезөкше, енді бірі еркекқұмар» деген жазуды көрдім парақшаңыздан. Бес саусақ бірдей емес дегендей, қыздарымыздың шамына тиіп алдым деп ойламайсыз ба?

–    Адамның есімі оның тағдырына әсер етеді. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Қазақ қоғамында осындай есімдегі атақты, белсенді кісілер бар ма? Жоқ қой. Жүз Айканың ішінде біреуі ғана дұрыс шығар. Айко, Айкалар осылай айтқаным үшін «Бес саусақ бірдей емес» деп менімен дауласып жатыр. Бірақ бұл шын. Мен шындықты жасырып қалмаймын, бетіне былш еткізіп айта беремін.

 

Cұхбаттасқан: Анар Дәукен

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау