Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәте, мен сізді бірінші рет көріп отырмын": Психолог Светлана Божко тергеу барысымен келіcпейді

Алматы қаласында танымал әйелдер психологы Светлана Божконы темір кастетпен ұрып тастаған бұзақының соты жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұзақының такси жүргізушісі екендігі анықталып, оған «бұзақылық» және «орташа ауыр дәрежеде дене жарақатын келтіру» баптары бойынша айып тағылған. Дегенмен соққының астында қалған психолог тергеу барысында бұрмалаушылыққа жол берілгенін айтып, кінәліге тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді. 

Көлігін қойып жатқанда бейтаныс біреу келіп, ұрғылай жөнелгенде Светлана Божконы оның көрішісі құтқарып алған. Қазір әйелдің бет-әлпеті біраз өзгеріп, кейбір жарақаттары әлі жазылмапты. Психолог бетіндегі ақауларды түзету үшін 3 рет ота жасатып үлгерген, алайда мұның өзі келбетін толық түзеу үшін жетіспейтін көрінеді.  

Светлана қылмыс барысы тергеу кезінде дұрыс ашылмағанын ескеріп отыр. Сөзінше, қылмыстың кейбір айғақтары, тіпті, ескерілмей қалған.  

«Мен тергеу актісінде бірден 10 бұрмалануды анықтадым. Мен айтпаған нәрселер жазылған. Мұның бәрі майда-шүйде болып көрінуі мүмкін. Алайда мұның барлығы сот шешіміне әсер етеді. Жүргізуші мені көргенде: "Тәте, мен сізді бірінші рет көріп отырмын, мен сізді танымаймын, бұл іске менің қатысым жоқ", - деген болатын. Әрине, ол өз кінәсін мойындамайды», - деді Светлана Божко. 

Естеріңізге сала кетейік, психологты ұрып жыққан көлік жүргізушінің ісі 5 қарашада басталғанын жазған едік. Оған дейін бұл істің басқа да жайттары анықталған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр