Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеудесінен жұлқып, тартып алды": Алматыда полицей 17-қабаттан секірмек болған жігітті құтқарды

Алматыда жас жігіт 17 қабаттан секіріп өтпек болды. Оқиға Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда полицей 17-қабатқа секірмек болған жігітті құтқарып қалды

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындар полицияға хабарлап, жігіттің жоғары қабаттан секірмек болғанын айтқан.

"Бірінші болып полиция аға лейтенанты Әділбек Қозыбеков аздаған уақыт ішінде оқиға орнына жетті. Бұл уақытта екі ер азамат жігітті райынан қайтаруға тырыс жатты. Аға лейтенант Қозыбеков жас жігітітң мұндай қадамға не себепті барғанын сұрады. Нендей проблемасы барын сұрап, уақытты ұзартуға тырысты. Осылайша өзі де жігітке жақындай бастады. Бір сәтте полицей жігітке жақындап, темекі ұсынды. Жігіт оның ұсынысын қуана қабылдады. Бұл сәтті ұтымды пайдаланған Қозыбеков жігітті ұстап, подъезд ішіне кіргізді", - дейді Бостандық ауданының полиция подполковнигі, полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев. 

Талқылау