Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Алау" тобы Баян Алагөзовамен жұмыс істеуден бас тартты

"Алау" тобы проюсермен жұмыс істеуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

4 жылдың ішінде тыңдарман қауымға кеңінен танылған Баян Мақсатқызының продюсерлігіндегі "Алау" тобы енді өздері жеке жұмыс жасамақ. Бұл жайлы топтың әншісі Ержан Мұқатаев айтып берді. Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен "Алаулықтар" енді продюсерсіз сахнаны бағындырамыз дейді. Жігіттер продюсерлік орталықтан кетудің себебін түсіндіріп берді. Басты мәселе KeshYou тобымен бәсекелестікте дейді олар.

"Продюсерлерімізге кіріп айттық. Еш қиындығы болған жоқ. Ол кісілер тіпті қолдады. Ең маңыздысы - жиналған репертуар. Ол кісілерден репертуарды сұрап алдық. Менің ойымша, біздің топтың продюсерлік орталықтан кетуіне KeshYou тобымен ішкі бәсекелестік себеп болды. Өйткені топ эстрадада көп жыл бойы өнер көрсетіп жүр. Біздер үйдің кішісіндей, шетте қалдық", - дейді Ержан Мұқатаев.

Соңғы уақыттары жігіттер топқа қатысты барлық жұмыстарды өздері атқарған көрінеді. Содан болар "Алау" тобы продюсерсіз жұмыс жасаудан жасқанбай отыр.

"Продюсерлерге еш реніш жоқ. Менің ойымша ол кісілер барлығын түсінеді. Соңғы жылдары барлық жұмыстарды өзіміз атқаратынбыз. 4 жылдың ішінде жақсы тәжірибе жинадық деп ойлаймын. Продюсерлердің көмегінсіз халықты қуантамыз деген үміттеміз", - дейді Ержан Мұқатаев.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

Азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр